Новости
Состоялся международный форум «зеленая экономика-главный тренд нового десятилетия «с участием лауреата нобелевской премии Рае Квон Чунга
- Просмотров: 717
2022 жылдың 10- желтоқсанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг» - ICITE-2022 халықаралық конференциясы аясында "Рае Квон Чунг атындағы жаңа Климаттық экономика орталығының" ашылуына арналған «Жасыл экономика – жаңа онжылдықтың басты үрдісі» атты Халықаралық форум өткізілді. Іс-шараның ашылуында сөз алған Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Рае Квон Чунг форумға қатысушыларға ізгі тілектерін білдіріп, жасыл экономикаға өтудің қазіргі уақыттағы маңыздылығына ерекше тоқталды. Форум жұмысы Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес жүргізілді. Бұл орталық Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі тұрақты даму, жасыл технология мен климаттық өзгерулердің қоршаған ортаға әсерін азайту принципіне негізделген экономикалық дамудың жаңа моделін енгізудегі алғашқы институт болып табылады. Форум жұмысына қатысуға жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, ғылыми зерттеулер бойынша елеулі нәтижелері бар отандық және шетелдік өндіріс өкілдері шақырылды. Форумның панельдік талқылауында В.Корфанти атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Стефан Дырка (Польша), Ташкент мемлекеттік көлік университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Мавлуда Ирисбекова (Өзбекстан), «Orizon Consulting» компаниясының техникалық кеңесшісі, PhD докторы Ахметов Алмаз (Жапония), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті "Экология" кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Жекеев Мәлік (Қазақстан), Норвегия Жаратылыстану ғылымдары университетінің Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің «Сумен жабдықтау және санитария технологиясы» кафедрасының профессоры Харша Ратнавира (Норвегия), Загреб университетінің «Химия» кафедрасының профессоры Марко Винцекович (Хорватия) , М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Экология» кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Ізтілеуов Ғани (Қазақстан) сияқты көрнекті ғалымдар баяндама жасады. Форум жұмысының соңында ортақ резолюция қабылданды.
Если заметили ошибку, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter