6B06110 Информатика

                                                                          БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6B06110-Информатика

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6B06 Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B061 Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

B057  Ақпараттық  технологиялар

Оқыту тілі

қазақша, орысша, ағылшынша

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Информатика, компьютерлік техника және ақпараттық технологиялар саласында талап етілетін жоғары білікті мамандар мен инженерлерді дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

-       зерттеу орталықтары,

-       мемлекеттік органдар,

-       кәсіптік есептерді шешу үшін математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды пайдаланатын оқу орындары мен әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар.

Оқыту нәтижелері

ОН1. Академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып , қазақ , орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін сөйлесу .

ОН2. Идеялық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми-эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуын көрсету.

ОН3. Ақпараттық және есептеу сауаттылығы, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілеттерін меңгеру.

ОН4. Заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларды, ақпараттық желілердің аппараттық-бағдарламалық құралдарының құрамына кіретін заманауи аппараттық және бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, ақпараттық технологияларды басқару және технологиялық кешендерді автоматтандыру саласындағы, ақпараттық және желілік қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы кәсіби міндеттерді сауатты шешу.

ОН5. Қолданбалы есептерді шешуде ақпаратты өңдеудің негізгі алгоритмдерін қолдану, бағдарламалау алгоритмдерінің күрделілігін бағалау, алынған нәтижелердің дұрыстығын бағалау және бағдарламаны тестілеу, қолдану үшін қолайлы технологиялар мен қолданбалы архитектураларды таңдау.

ОН6. Пәндік саланың бизнес-процестерін талдай отырып және ақпараттық кеңістіктің құрамдас бөліктері арасында құрылымдық байланыстарды орната отырып, ақпараттық технологиялар негізінде басқарушылық және экономикалық шешімдер қабылдау.

ОН7. Есептеу математикасының есептерін шешу үшін қолданбалы программалық пакеттердің мүмкіндіктерін пайдалану; қазіргі заманғы математикалық аппаратты, жаратылыстану, математика және информатиканың негізгі білімдерін, қолданбалы математика мен информатикаға қатысты негізгі фактілерді, тұжырымдамаларды, теориялардың қағидаларын қолдану.

ОН8. Роботтың қозғалысын және роботтың сенсорларға реакциясын бағдарламалау үшін объектілердің, құбылыстардың, жүйелердің ақпараттық және компьютерлік үлгілерін жасау үшін кәсіби бағытталған бағдарламалық құралдарды және біріктірілген орталарды пайдалана отырып, негізгі бағдарламалау тілдерінің аспаптық орталарында жұмыс істеу.

ОН9. Веб-сайттар мен әртүрлі ақпаратты өңдеуге арналған қосымшаларды әзірлеу.

ОН10. Мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық қосымшаларды әзірлеу, әртүрлі архитектуралық компьютерлер мен жүйелер үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, бағдарламалық өнімдерді жобалау, құрастыру және сынау, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаудың формальды әдістерін модельдеу, талдау және пайдалану, операциялық жүйелердің жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.

ОН11. Жүргізілген физикалық-математикалық және қолданбалы зерттеулердің нәтижесін зерттелетін құбылыстың пәндік саласы бойынша көрсетілген нақты ұсыныстар түрінде беру.


Если заметили ошибку, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter
Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.