Заголовок: | Жүк тасымалдау машиналары |
Категории: | Мультимедийные учебники в HTML |
BookID: | 644 |
Авторы: | Күмісбеков С.А. Жандос С Тасыбаева Ш. Б. Ахметова Н.Б. |
ISBN-10(13): | 0 |
Дата публикации: | 2011 |
Количество страниц: | 0 |
Язык: | Русский |
Цена: | 0.00 |
Оценка: | |
Изображение: | |
Описание: |
Казіргі заманғы химия және мұнай-химия өнеркәсіптеріндегі инженерлердің, бакалаврлардың атқарар қызметі өте жоғары, өйткені сол өнеркәсіптегі жабдықтардың пайдалану дәрежесі, жөндеу және жинау жұмыстарының сапасы соларға байланысты. Күн өткен сайын технологияның және жаңа жабдықтардың дамуы, оларға цехты және өнеркәсіпті жобалауды және химия мен мұнайгаз өндірістеріндегі машиналар ман аппараттардың құрылысы мен құрылымын зерттеуді сондайақ оларды жөндеу және жинау жұмыстарын жақсы білуді қажет етеді. Осы мақсатта “Жүк көтеру және тасымалдау машиналары” пәні студенттерді өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарында қажетті мақсаттарда қолданылатын жүк көтергіш, тасымалдағыш, сонымен қатар технологиялық процестерді орындау үшін қолданылатын жабдықтардың негізгі түрлерімен таныстырып, оларды таңдап қабылдау және жобалау мен конструкциялау, негізгі механизмдерін, тұйіндері мен бөлшектерін беріктікке, тұрақтылыққа есептеуді, меңгеруді үйретеді. |