Ғылыми-зерттеу зертханасының негізгі бағыттары:

- Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлеріндегі су, су ресурстарының сапасын мониторингтік зерттеу;

- М. Әуезов атындағы ОҚУ және ҚР жоғары оқу орындарының бакалаврларын, магистранттарын және PhD-докторанттарын даярлауға қатысу;

- өнеркәсіптік өндіріс зертханаларына ауыр металдар мен улы қоспалардың құрамы бойынша атомдық абсорбциялық спектрометрия әдісін қолдана отырып, өндірілетін өнімнің құрамы мен қасиеттеріне зерттеулер жүргізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

- минералдық шикізат пен техногендік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша салалық өндірістердің дәстүрлі технологияларын жетілдіру, жаңа технологияларын құру.

Зертханада жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:

Зертханада жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:

  1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2022-2024 жылдарға арналған гранттық жобасы. «AP15473115 Органикалық қышқылдардың көмегімен төмен сұрыпты фосфориттерді іріктеп шаймалау үрдісін кешенді зерттеу». Жетекшісі – Райымбеков Е.Б.

Жобаның мақсаты – органикалық қышқылдарды пайдалана отырып, отандық төмен сұрыпты фосфат шикізатын фосфор (V) оксиді бойынша байыту үрдісін кешенді зерттеу.

Жобаның құны 19 млн теңге.

 

  1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған гранттық жобасы. «AР19174296 Оңтүстік өңірдегі құс шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін құрамында көміртегі бар шикізаттан органоминералды азық қоспаларын өндіру технологиясы». Жетекшісі – Қамбатыров М.Б.

Жобаның мақсаты – ауылшаруашылығы құстарының өнімділігін арттыру үшін қоңыр көмір өндіру қалдықтарынан органоминералды азық қоспаларын өндірудің ғылыми негізделген технологиясын әзірлеу.

Жобаның құны – 24 миллион теңге.

 

  1. Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Тәуелсіздік ұрпақтары 2024» гранты. Жобаның тақырыбы: «Сырдария өзені бассейнінің ауыр металдармен ластануының қоршаған ортаға және денсаулыққа әсерін бағалау». Грант иегері – Райымбеков Е.Б.

Жобаның мақсаты ауыр металдармен ластануды кешенді бағалау, қоршаған ортаға әсерді бағалау, ауыр металдармен ластанудың өзен экожүйелеріне әсерін зерттеу, денсаулыққа қауіп-қатерді бағалау: ауыр металдармен ластанудан өзен бойында тұратын елді мекендердің денсаулығына ықтимал қауіптерді бағалау.

Жобаның құны – 3 миллион теңге.

Image
Image

Райымбеков Еркебұлан Батырбекұлы

Зертхана меңгерушісі, философия докторы (PhD), постдокторант

 

 

 

 

 

 

 

 Қамбарова Ғалия Әмзеқызы

Аға ғылыми қызметкер, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Негізгі жарияланымдар:

  1. Raiymbekov Y., Abdurazova P., Nazarbek U. Enrichment of low-grade phosphorites by the selective leaching method // Green Processing and Synthesis. – 2023. – Vol.12(1). - pp. 20228150 (Chemical Engineering бойынша Scopus 2022 процентиль көрсеткіші 80, Web of Science квартилі – Q2).
  2. Nazarbek U., Abdurazova P., Nazarbekova S., Kambatyrov M., Raiymbekov Y. Alkaline Extraction of Organomineral Potassium Humate from Coal Mining Waste // Applied Sciences (Switzerland). – 2022. – Vol.12(7). – 3658. https://doi.org/10.3390/app12073658 (Chemical Engineering бойынша Scopus 2022 процентиль көрсеткіші 65, Web of Science квартилі – Q2).
  3. Nazarbek U., Abdurazova P., Raiymbekov Y. Extraction and Characterization of Humic Acid Based on Coal Mining Waste // Chemical Engineering and Technology. – 2022. – Vol.45(6). – P.1133–1140. https://doi.org/10.1002/ceat.202200038 (Engineering бойынша Scopus 2022 процентиль көрсеткіші 61, Web of Science квартилі – Q3).
  4. Nazarbek U., Abdurazova P., Nazarbekova S., Raiymbekov Y., Kambatyrov M. Processing of Phosphoric Solid Waste by Humic Acid Leaching Method // Inorganics. – 2023. – Vol.11(3). – 90. https://doi.org/10.3390/inorganics11030090 (Chemistry бойынша Scopus 2022 процентиль көрсеткіші 54, Web of Science квартилі – Q2).
  5. Nazarbek U., Nazarbekova S., Raiymbekov Y., Kambatyrov M., Abdurazova P. Prolonged action fertilizer encapsulated by CMC/humic acid // E-Polymers. – 2023. – Vol.23(1). – 20230013. https://doi.org/10.1515/epoly-2023-0013 (Chemical Engineering бойынша Scopus 2022 процентиль көрсеткіші 64).
Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.