Ашық сабақ

Тақырыбы: Оқытудың белсенді формалары мен әдістері

Жетекші: Усенова Ақкенже Мукановна

Сабақтың түрі: Жоғары мектеп педагогикасы пәні бойынша, «Оқытудың белсенді формалары мен әдістері» тақырыбына магистранттармен ұйымдастырылған ашық сабақ өтілді. Ашық сабақ  М.М.Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясы бойынша өтілді. Бұл технологияның тиімділігі белгіленген білім деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағды жан-жақты қарастырылып, жүйеленген.

Мақсаты:

«Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында, ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  ұстаздардың  қолында» - деп,  елбасы  Н.Ә.Назарбаев  білім  беру  саласындағы  қызметкерлердің  жауапкершілігін  атап  көрсетті.  Әрбір  ұстаз  балаға  тиянақты,  терең  білім  беруге,  заман  талабына  сай  ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды  меңгерту,  оның  жетістіктерін  сабақ  үрдісінде  тиімді  пайдалануы  міндетті.  Мұғалім  пәнді  өзі  жетік  терең  білуімен  қатар,  оны  оқушыға  меңгерту  үшін  әр  сабақта    ғылым  мен  техника  жаңалықтарын  дұрыс  қолдана  білуі  керек.

Міндеті:       

Білім  беру  саласында   жаңа  педагогикалық   технологияларды  пайдалану, мұғалімге  оқу  процесінің  құрылымын  түбегейлі  өзгертуге,  оқытудағы  пәнаралық  байланысты   күшейтуге,  оқушылардың  дүниетанымдарын  кеңейтуге  және  жеке  қабілеттерін  көре  біліп,  оны  дамытуға   толық  жағдай  жасау. Мәселелік оқыту, тренинг пен іскерлік ойындар, инновациялық оқыту түрлерін тиімді пайдалану.

Уақыты:  09 қараша 2021 жыл, сағат 11:45

Орны: «М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» 7- корпус, 305 кабинет.

Қатысушы топтар: МТП21-1НК;2НК;3НК;4НК

      Сабақтың жоспары:

I бөлім: Түсіндіру (Кіріспе 20 минут)

 

II бөлім: Сөйлесу. Ойын, кері байланыс, миға шабуыл және деңгейлеп оқыту технологияларын пайдалану (20 минут)

 

III бөлім:Қорытындылау  Магистранттарды бағалау. Ой қорытындылау. (15 минут)

Image
Image
Image
Image
Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.