Сынақ зертханалар департаменті
Cынақ зерханалар департаментінің ұйымдық құрылымы
Негізгі міндеттер
-ғылымның басым бағыттарының аясында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарымен қамтамасыз ету және орындау, сондай-ақ жаңа техникалық және технологиялық жобаларды әзірлеу;
- Ұлттық аккредиттеу орталығы тарапынан талдау сынақтары, аккредиттеу, қайта аккредиттеу және инспекциялық тексерулер бөлігінде аккредиттелген зертханалардың ("КБМ" инженерлік бейіндегі сынақ аймақтық зертханасы және "Сапа" сынақ орталығы) жұмыстарын қадағалау.
-бақылау-өлшеу аппаратурасы мен сынау жабдықтарының техникалық жай-күйінің пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, оларды уақтылы тексеру мен аттестациялауды қамтамасыз ету.
- сынақтарды өткізуге көмек көрсету және кәсіби дайындығы, біліктілігі жоғары және сынақтарды өткізу тәжірибесі бар мамандарды тартады.
«Ғылым және өндіріс кооперациясы – өңірдің инновациялық даму жолы» тақырыбында 07.04.2023 жылы форум өтті.
Аталған форумның мақсаты - ғылым өкілдерінің инвестициялық қоғамдастықпен және бизнес өкілдерімен өзара ынтымақтастығын орнату, сондай-ақ ғылым мен бизнестің байланысын арттыру және өңірдің негізгі мәселелерін шешуге университет ғалымдарын тарту болып табылады.
Форумға университетіміздің басқарма төрағасы – Ректор Қожамжарова Дария Пернешқызы, «Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасы Илимбаев Расул Русланович, ауылшаруашылығы және ветеринария басқарма басшысы Джанбатыров Абунасыр Шарифуллаұлы,университетіміздің ғалымдары және бизнес өкілдері қатысты.«Конструкциялық және биохимиялық материалдар» инженерлік бейінді аймақтық сынақ зертханасының жұмысы туралы лаборатория меңгерушісі Хусанов Ж.Е. баяндама жасады.