Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы жаңалықтары
Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңының негізгі ережелерін студенттер арасында түсіндіру
2016 жылы 9 қараша күні Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық фаультетінде ОҚО Көші-Қон басқармасының полиция майоры Т.Оспанов, университетіміздің аға тәлімгері С.Дайрабайұлы және жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі бас маман Б.Ермековтің қатысуымен "Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңының негізгі ережелерін студентер арасында түсіндіру" тақырыбында кездесу өткізді.
Факультет деканы С.Н.Әлібек шетел студенттерінің арасында «Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келу, онда болу, сондай-ақ, олардың Қазақстан Республикасынан кету туралы ережесі» жайында жыл сайын ОҚО КҚПБ, ҰҚК қызметкерлерімен кездесу өтетіндігі жөнінде айтып өтті. Облыстық Көші-қон басқармасының полиция майоры Т.Оспанов шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағында жүріп тұру ережелерімен құқықтары жайлы ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағына келу және онда болу мақсатына қарай көшіп келу түрлері, көшіп келушілердің Қазақстан Республикасынан кетуі туралы заңдармен таныстырып, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының төңірегіне келген мақсатына қарай жүріп тұруы қажет екендігі айтылды. Егер аталған шарттар орындалмаған жағдайда 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 517 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын көшіп келушілердің азаматтық алуы туралы мәселелерде көтеріліп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.