Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы жаңалықтары
Ұлт тірегі – Елбасы
30.11.17ж күні №6 жатақханада Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті тыңдаушыларының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлт тірегі – Елбасы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік кешті факультет аға тәлімгері А.Жанбай ашып берді.
Бұл іс-шараның мақсаты - еліміздің еңсесін тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатып жүрген Елбасының ерен еңбегін, сарабдал саясатын жас ұрпаққа насихаттау болатын. Ал мерекелік кеште факультетіміздің өнерлі өрендері паш еткен ән мен күй, өлең-жырлар көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.
Өз Отанына, туған еліне, жеріне деген шынайы сезімдерін жеткізген Б.Метербай, Ш.Кәден, А.Мақсаттай өнерпаздарымызға факультет оқытушылары мен көпшілік қауым дән ризашылығын білдірді.