Жасампаздыққа бастайтын Жолдау

11.01.2018 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауын талқылау өтті.
Факультетіміздің оқытушылары қатысқан басқосуда жиынды ашып, алғашқы сөзді алған факультет деканы, тарих ғылымдарының докторы С.Н.Әлібек Мемлекет  басшысының өз Жолдауында айқындап берген атқарылуға тиісті 10 міндетке егжей-тегжейлі тоқталып өтіп, әсіресе адами капитал мәселесіне, білім саласын жаңа сапаға көтеруге байланысты ұсыныс-тапсырмаларды түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ факультеттің аға тәлімгері А.Жанбай өз баяндамасында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы ел дамуының жаңа мүмкіндіктері жайлы әңгіме өрбітіп, осы бағытта «Цифрлы Қазақстан», «Қазақстан-2050» сынды ұзақ мерзімді бағдарламалардың өз жалғасын таба беретінін жеткізді. Сондай-ақ ол білім берудің озық жүйесін құруда мемлекетіміздің ұстанып отырған салиқалы саясатын, жемісті реформаларды қолдауға шақырды.
Өз кезегінде пікірлерін білдірген Г.Несіпбек, А.Сейтметова, Ж.Сыздық секілді ұстаздар жоғары білім беруге қатысты жолдауда айтылған міндеттердің, әсіресе, шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашуды толық қолдап-қуаттайтындарын айтты.
Басқосу соңында факультет деканы С.Әлібек Елбасы Жолдауын студент  жастарға насихаттау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырып, барлық топтардағы тәрбие сағаттарында тыңдаушылармен талқылаулар өткізілетін болды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.