Шетелдіктер ән салған ақынның кеші

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Оңтүстіктің адуынды айтыскер ақыны Маржан Есжанова 50 жасқа толуына байланысты 14 қараша күні Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты «Абай» кітапханасында «Жақсыларды жыр еттім...» атты кездесу кеші өтті. Кешке ақынның өнер жолына баулыған ұстаздары мен айтыстағы әріптес аға-сіңілілерінен Бөрібай Оразымбет, Болат Қалыбеков, Кәрима Оралова сынды кісілермен қатар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының шетелдік тыңдаушылары мен ұстаздары қатынасты.

Ақынның 50 жастық кешінің ең қызығы Дайындық орталығында Америкадан келіп қазақ тілін үйреніп жатқан шетелдік тыңдаушылардың ішіндегі екі жігіттің қазақ тілінде гитарамен «Дударай» әнін шырқағаны болды. Жиналған көпшілік қазақ әнін әуелете салған шетелдіктерге таңданып, оларды қазақша сайратып жүрген Камалдинов Рахымбек басшылық етіп отырған дайындық орталығының оқытушыларына алғыстарын айтып, әсіресе, бүгінгі кешке қонаққа әкелген оқытушы Сыздық Жанатқа ризашылықтарын білдірді. Өзінің кешінде ойламаған жерден тосынсый ретінде ән салған шетелдіктерге таңырқаған ақын Маржан Есжанова кеш соңында оларға өзінің жыр кітабын сыйға ұсынса, «Абай» кітапханасы ұжымы атынан кітапхана директоры Нұрила Жұманова марапаттар табыс етті.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.