Болашағы жарқын елдің басшысын бірге таңдайық

       Тәуелсіздік – бабалар арманы, ұлт мұраты. Рухани жаңғырудың жарқын жолына түскен егемен еліміз Тәуелсіздік дәуірінде толағай табыстарға қол жеткізіп, азаматтық қоғам қалыптастыруға барынша талпынды. Ұлан ғайыр даланы мекен еткен Ұлы дала ұрпақтарын әлем таныды. Азаттықтың ақ таңында ата жұртқа ат басын бұрған шетелдегі қандастардың да қатары қалыңдай түсті. Тіліміз төрге озып, туымыз тұғырына қонып, көп ұлтты мемлекетіміздегі мамыражай заманда жаңа қазақстандық патриотизмді бойына сіңірген ұлтжанды һәм ұжданды, ұлттық құндылықтарға қана сусындаған қазақ жастарын елге тұлға, ұлтқа тұтқа болсын деп  тәрбиелеп келеміз.

     Бүгінгі Қазақстан – дамудың даңғылына түскен, 130-дан астам ұлтты ұйыстырып, татулықтың тал бесігінде тербеткен, этносаралық және конфессияаралық келісімді ту етіп, тұтас қазақты толеранттылыққа үндеген, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ бәрінің де басын байтақ Отанымызда тоқайластырған, біртұтас ұлтты бірлігі бекем мелмекет.

     Жаңа Қазақстанның жасампаз жұрты бүгінде болашағына зор үмітпен көз қадап отыр. Жемісті реформалар мен табысты бастамалар да баяндылық тауып, әлем алдындағы абырой-беделіміз де жыл санап аспандап келеді.

      Олай болса, кемел келешекке нық қадам басқан елдің кеңесіп озар кезі, береке-бірлігі мен ырыс алды – ынтымағы тағы да бір сыналар сәті келді деп білеміз.

      Азат елдің ауқымды саяси реформаларының заңды жалғасы іспетті биылғы жылдың 20 қарашасына жоспарланған ел Президентін кезектен тыс сайлау да жұрт күткен, қоғам толық қуаттаған шешім болды. Бүгінгі таңда ел басшылығынан үміткер сайдың тасындай тұлғаларымыз тіркеуден өтіп, өз бағдарламаларын түзіп те қойды. Демократиялы мемлекеттің нағыз серпілісі секілді бұл сайлауға барша отандастар үмітпен қарап, үлкен сенім артып отыр. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар сайлауға дейінгі үгіт-насихат жұмыстарын 21 қазанда бастап та кетті. Бұл іс-шара бас-аяғы 28 күнге созылып, үгіт жүргізу 18 қарашада толық тоқтайды. Олай болса, қадірменді жерлестер, әрқайсысымыз өз таңдауымызды жасап, жарқын болашақ үшін дауыс беріп, Әділетті Қазақстанның әділ сайлауына бір кісідей қатысайық. Өйткуені елге тұтқа болар тектіні таңдау – баршаға ортақ міндет. Демек, ұлт қамы, ұрпақ болашағы үшін бұл науқанның биік деңгейде өтуіне баршамыз да бірлесе атсалысайық.

Рахымбек Камалдинов, М.Әуезов атындағы ОҚУ, ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.