«Көктем аруы - 2023» байқауы

Қазақ халқында қыз балалардың адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыстарына байланысты салт-дәстүрлер жетерлік. Әдет-ғұрыптарды еске түсіру негізінде М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы тыңдаушылар арасында «Көктем аруы-2023» байқауын өткізді. Байқауға қатысқан әдемі арулар 6 түрлі талапқа сай өз ой-қиялдарының ұшқырлығымен сұрақтарға жауап беріп, ортада өздерінің қолөнер шеберліктерін көрсетті.Байқауда 5-топ тыңд аушысы Ахмет Альбина 3-орынды, 6-топ тыңдаушысы Супабекова Диляра 2-орынды, 9-топ тыңдаушысы Садикова Әсем 1-орынды иеленсе, 7-топ тыңдаушысы Сүйіндік Әсел бас жүлде иегері болды. Дайындық орталығында білім алып жатқан тыңдаушылар бұл байқаудағы әсем аруларымыздың жасаған тамақтарына, салған суреттері мен қолөнер бұйымдарына, сән үлгісіндегі өздері жобалаған киім үлгілеріне қатты тәнті болды. Көктемдей құлпырған аруларымызға амандық тілейміз!


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.