Түлектерге арналған бос орындар
Қазатомөнеркәсіп - біз болашақ іргетасын бірге қалаймыз!
https://hrekap.kazatomprom.kz/#/vacancies
Компаниядағы карьера
Сіз ҚМГ командасына қосылғыңыз келе ме? Компания көптеген болашағы бар бос орындарды ұсынады.
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК қандай мүмкіншіліктерді ұсынатынын білгіңіз келсе, өз анкетаңызды work.kmg.kz.ресурсына жіберуіңізді сұраймыз. Бұл ресурс «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясындағы бос орындарды жариялау үшін жасалған. Сіздің түйіндемелеріңізді күтеміз.
https://work.kmg.kz/#/
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Кім өзін дені сау, сауатты, еңбекқор деп есептеп, сүйікті Қазақстанымыздың дамуына нақты пайда келтіргісі келсе - «AlageumElectric» КТ келесі кәсіптерге Сіздерді күтеді:
• Өнертапқыштар, әзірлеушілер, ғылыми жобалардың инженерлері, машина жасау саласындағы инноваторлар;
• Электр машиналары мен аппараттарының конструкторлық–технологиялық құжаттамасын әзірлеу жөніндегі конструктор;
• Электрмен жабдықтау объектілерін инженер-жобалаушысы;
• Өндірістік кәсіпорындардың шебері және басшысы;
• Жобалау ұйымдарымен жұмыс жөніндегі менеджер;
• Басқару және автоматика жүйесін сату жөніндегі менеджер.
БІЗ КЕЛЕСІЛЕРДІ ҰСЫНАМЫЗ:
• ҚР мен Орта Азияда көшбасшылық позицияға ие ірі электр техникалық компаниядағы жұмыс, онда сіз бай тәжірибе алып, озық тәжірибелерді меңгере аласыз;
• Жағымды атмосфера, тату ұжымдағы жұмыстан ләззат алу, кәсіпқойлар командасында нақты тәжірибе алу;
• Студенттер үшін жазғы кезең ішінде ұзақтығы 6-10 апта (айына 60 000 теңге) тағылымдама:
• Болашақ компанияға жұмысқа орналасу үшін өзін ұсыну мүмкіндігі;
• Мансаптық өсу.
БІЗДІҢ ТАЛАПТАР:
• ЖОО студенттер мен түлектері;
• Ағылшын тілін білу
• Оқуға және дамуға ниеттің болуы;
• Адалдық, креативтілік және бастамашылық;
• Жеке дамуға құмарлық (өзіндік білім алу);
• Ойды сауатты мазмұндай білу, жазбаша және ауызша жеткізу;
• Адалдық, нәтижелілік, жауапкершілік;
• Нәтижеге ұмтылу, командада жұмыс істей білу;
• Салауатты өмір салты, жұмысқа қабілеттілік;
• МВА және PHD деңгейіне ұмтылу
ТҮЙІНДЕМЕНІ ҰСЫНУ ҮРДІСІ:
Егер сіз осы бағдарламаға қызығушылық танытсаңыз, онда Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды мекенжайына түйіндеме жөнелтіңіз. Тел.: +7 771 001 20 09
https://alageum.com/kz/karera/aktualnye-vakansii
«ПетроҚазақстан» – бұл акционерлері «Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясы» және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы* болып табылатын мұнай тобы. «ПетроҚазақстан» компаниясының қызмет аясына: геологиялық барлау, кен орындарын өңдеу, мұнай мен газды өндіру, маркетинг және тасымалдау, сондай-ақ кен орындарын сатып алу, мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және оларды сату кіреді.
«ПетроҚазақстан» компаниялар тобының өндірістік құрылымының негізін екі бөлімше құрайды: «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (ПҚҚР) және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП). Қызылорда облысында орналасқан «ПҚҚР» АҚ мұнай өндірумен айналысады. Түркістан облысының Шымкент қаласында орналасқан «ПҚОП» ЖШС мұнайдың қайта өңделуімен айналысады.
Сондай-ақ, «ПетроҚазақстан» компаниясы қызметін Оңтүстік Торғай мұнайлы алабында жүзеге асыратын екі бірлескен кәсіпорындағы 50%-дық үлесті иеленеді. Компанияның «Қазгермұнай» БК» ЖШС-дегі серіктесі – «ҚазМұнайГаз ҰK» АҚ, ал «Торғай Петролеум» АҚ-дағы серіктесі – «KVK - Petroleum» ЖШС болып табылады.
«ПетроҚазақстан» компаниясының бизнесі – бұл мұнайды геологиялық барлау мен өңдеуден бастап, оны жоғары сапалы мұнай өнімдеріне қайта өңдеуге дейінгі біртұтас технологиялық тізбегі және маркетинг пен тасымалдаудың дамыған жүйесі.
https://www.petrokazakhstan.kz/kaz/sendr/
Қазақстандағы жұмыс
HeadHunter (hh.kz) —әрқашан жұмыс табылатын орын!
Жұмыс – әрқайсысымыз үшін өміріміздің негізгі бөлшегі. Дей тұрғанмен әр адамның өмірінде жұмыс орнын, мүмкін, тіпті қызмет аясын өзгерту туралы ойланатын сәт туады. Өкінішке орай, өзгерістер әрдайым оңай тимейді, сондықтан күмән тууы сөзсіз.
https://shymkent.hh.kz/?hhtmFrom=main
BI Group - бұл ірі инновациялық құрылыс холдингі, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығының көшбасшы. Холдинг 1995 жылдан бері жұмыс істейді және осы уақыт ішінде кәсіби және сенімді серіктес деген атқа лайықты болды. Компанияның басты мақсаты Орталық Азиядағы №1 Construction Tech позициясын сенімді түрде нығайту болып табылады.
BI Group бүгінде құрылыс, девелопмент және инжиниринг сияқты әртүрлі салаларда бөлімшелер мен дирекциялардан құралған, құрылымы әртараптандырылған холдинг болып табылады.
https://bi.group/ru/jobs
Қазақстан Республикасының аумағында бірінші жоғары технологиялық майлау материалдарын шығаратын әлемдік дәрежедегі зауыт
https://hh.ru/employer/569201
Студенттер мен түлектер үшін біз дуальды оқыту және тағылымдамадан өту бағдарламасын ұсынамыз. Біздің қызметкерлер заманауи өндіріс жұмысшыларының барлық артықшылықтары мен кепілдіктерін пайдаланады.Клиенттеріміз бізді тек өнімдеріміздің жоғары сапасы үшін ғана бағаламайды. Олар әзірлейтін және жобалайтын, ұйымдастыратын және өндіретін, басқаратын және кеңес беретіндерді бағалайды. Біздің әрбір қызметкеріміз өзін бір брендтің бөлігі ретінде сезінеді, бұл әртүрлі мамандардан біртұтас тиімді және табысты команда құруға мүмкіндік берді. Инженерлік ойдың, сапа мен тұрақтылықтың қызықты әлеміне қосылыңыз.
Сіздің түйіндемеңізді Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. мекенжайына күтеміз
Байланыс телефоны: 8 (701) 534-35-27
http://karlskrona.kz/hr/
«Қазақстанның еңбек нарығы: цифрлық шындық жолында» ұлттық баяндамасы, 2022 ж.
https://www.enbek.kz/kk/node/5328
https://foodmaster.kz/ru/vacancy
Қызметтік мансап
Сізді қызықтыратын бос жұмыс орнын таңдап, өз резюмеңізді жіберіңіз. Қызметкерлер жөніндегі бөлімнің мамандары сұраныс-тілектердің барлығын мұқият қарайды және сізбен қайта байланысқа шығуға дайын. Егер Сіздің біліміңіз, жұмыс тәжірибеңіз, іскерлік дағдыларыңыз бен құзіретіңіз бос жұмыс орны талаптарына сәйкес келсе, біз Сізбен міндетті түрде хабарласамыз.
Егер қандай да бір себеппен Сіз өзіңізге лайық бос жұмыс орнын таппасаңыз, өзіңізді қызықтыратын мамандықты көрсетіп, мына электронды мекенжайға Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. резюмеңізді жіберіңіз. Нақты, сауатты түрде жазылған резюмемен қоса берілген жолдама-хат Сіздің нені қалайтыныңызды түсінуімізге және Сіздің біліктілігіңізге, біліміңіз бен тәжірибеңізге сай бос жұмыс орны болған кезде Сізбен хабарласуымызға себін тигізеді.
Құрметті ізденушілер, өздеріңіздің резюмелеріңізді мына электронды мекенжайға: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. жіберіңіздер. Сіздің тәжірибеңіз бен кәсіптік мақсаттарыңызға сай келетін бос жұмыс орны туындаған жағдайда, Сізбен қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің өкілдері хабарласады. Бізге жіберілген мәліметтердің құпия сақталатынына кепілдік береміз.
Құрметті рекрутингтік, тренингтік және консалтингтік қызмет көрсететін компаниялар өкілдері, әлеуетті серіктестер, бізге мына электронды мекенжай Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. бойынша хат жазып, хабарласыңыздар.
Сіздермен бірлесе жұмыс істеуге қуана келісеміз!
https://www.rakhat.kz/kz/vakansij/