Title: | Басқарушылық шешімдерді жасау |
Categories: | Мультимедийные учебники в HTML |
BookID: | 654 |
Authors: | Құралбаева А.Ш., Зиямухамедова С.Х., Ахметова Н.Б. |
ISBN-10(13): | 0 |
Publication date: | 2011 |
Number of pages: | 0 |
Language: | Russian |
Price: | 0.00 |
Rating: | |
Picture: | |
Description: |
Басқару үрдісіндегі шешімдердің ролі 2. Шешім сипатының информацияның толықтығымен байланысы 1. Ешбір адам тәжірибеде шешім қабылдау процесімен кездеспеуі мүмкін емес. Шешім - бұл баламаларды таңдау.Шешім қабылдау - кез келген басқару функциясын орындауға қажетті байланыс процесі. Шешімдерге киім таңдау сияқты, жұмыс орнын таңдау немесе өмірлік жар таңдау да жатады. Біз күнделікті шешімдерді ойланбай қабылдаймыз. Кейде бір шешімдерге жеткілікті назар аудармаймыз. Алайда, басқаруда шешімдер қабылдау - жеке өмірдегіге қарағанда неғұрлым жүйелі процесс.Шешім қабылдаулар басқарудың барлық аспектілерінде болады, бұл - басқарушының күн сайынғы жұмысының бөлігі. Шешім қабылдау аумағындағы Минцберг жетекшінің 4 рөлін бөліп шығарды: - кәсіпкер - жұмыстағы бұзылуды түзетуші маман - ресурстарды бөлуші - келісім жасаушы маман Шешем қабылдау – екі немесе одан да көп альтернативті әрекет бағытын таңдау процесі. Шешім - өзіңді қалай алып баруды біліп таңдау немесе берілген жағдайларда анық үлгіде ойлану. Егер таңдау жасалған болса, шешім қабылданды. Қабылданған шешімнен кетудің өзі қабылданған шешім болып тұрғаны анық. Дана адамдар айтып кеткен: «өмірдегі ең бір айқын түйінді жағдай - әрі қарай не істеу керек?» - екендігін шешуден тұрады. Осы ойда адамдар өзінің өмірінің әрбір сәтінде шешім қабылдайды. Егер де қайсы да болса нақты жұмыс жасалмаған жағдайда да, мысалы: адамдар жұмыстарын бітіріп бос уақыттарын өткізген кезде оларға шахмат ойнауға, киноға баруға, қыдыруға болады. Осы вариантардың біреуін таңдау шешім қабылдау болып есептеледі, менеджерді таңдаған сияқты. Шешім – бұл күнделікті өмірдің бір бөлігі. Осылардың көбі рефлексті қабылданады, біз осы шешімдердің себебін ойланбаймыз немесе олардың жеткен себебін және де нәтижесін бағалауға тырыспаймыз. Бірақ та ұйымға көрсеткен менеджердің шешімінің сапасы оның тиімділігінен көрініп тұр. Бұл қоғамдық шешім, себебі бұл жеке адамға болмаса жан-ұясына қарағанда оның арты өте алысқа тарайды, бірақ та осыұйымның барлық адамдарына емес. Бір жағынан демалыс кезінде бірлестікті басқару шешімін бағдарлау – бұл қоғамдық шешім, себебі осы фирмада жұмыс орындары бар барплық адамдарға тиісті. |