Жаңалықтар
«Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі»
- Қаралды: 460
Елімізде жыл сайын 18 қазанда дәстүрлі түрде Рухани келісім күні аталып өтіледі. 17-қазан 2018 жылы сағат 11:00 де Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында форум өткізілді. Форумды Түркістан облыстық және Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеялары, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы бірлесіп ұйымдастырды. Форумның мақсаты діні төзімділікті нығайту, халық арасында бейбітшілік пен татулық, рухани келісімді насихаттау. Рухани келісім күнінің маңызы, мазмұны және қажеттілігін көпшілікке түсіндіру.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз