Жаңалықтар
«Педагог мамандарды жаңартылған орта білім беру мазмұны бойынша даярлау мәселелері»
- Қаралды: 398
2018 жылдың 23 қазан күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ –дың 75 жылдығы қарсаңында Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Педагог мамандарды жаңартылған орта білім беру мазмұны бойынша даярлау мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға білім бағытында мамандар даярлайтын педагогикалық факультеттер мен жоғары мектептердің декандары, профессор-оқытушылар құрамы, сонымен қатар қала мектептері мен Назарбаев зияткерлік мектептерінен мұғалімдер қатысты.
Семинарға қатысушылар жаратылыстану-математика, гуманитарлық бағыттар мен инклюзивті білім беру үшін педагогикалық кадрлар дайындау мәселесін талқылады.
Семинар соңынан қатысушыларға сертификаттар табысталды.