Оқу-әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті

2018 жылғы 23-24 қарашада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кәсіптік білім, бастапқы әскери дайындық бойынша мұғалімдерді даярлау, химиялық инженерия мен процестер және мәдени-тынығу жұмысы бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті.

Мәжіліске 20 ЖОО-нан 75 өкіл, 3 жұмыс беруші мен  колледж өкілдері қатысты. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының Жіктеуішіне (классификатор) сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселесі, білім беру кеңістігіндегі техникалық және кәсіптік білім берудің рөлі мен маңызы және т.б. мәселелер талқыланды. Секциялар мәжілісінде «РОӘК баспаға ұсынған» белгісімен (грифімен) 3 оқулық және 30 оқу құралы  қарастырылып, баспадан шығаруға ұсынылды. ОӘБ мәжілісіндегі қаралған мәселелер бойынша  ұсыныстар мен пікірлер берілді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.