Жаңалықтар
«Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: тұжырымдамалық мәселелер мен стратегиялар»
- Қаралды: 390
2018 жылы 27-ші қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтой аясында «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: тұжырымдамалық мәселелер мен стратегиялар» тақырыбындағы Қазақстанның жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің Кезекті көшпелі мәжілісі өтті. Бұл мәжіліске Шымкент қаласының ректорлары және Орталық Азияның 11 жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.
Қазақстан Республикасы ректорлар кеңесінің кеңейтілген отырысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Орталық Азияның бірқатар университеттерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды:
- Ташкент сәулет-құрылыс институты;
- Ресей Федерациясының Тұңғыш Президенті Б. Ельцин атындағы Қырғыз -Ресей Славян Университеті;
- Өзбек мемлекеттік әлемдік тілдер университеті;
- Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз