Жаңалықтар
Үш тілде білім беру - заман талабы
- Қаралды: 203
Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру бойынша университетте атқарылатын іс-шаралар оқытушы-професорлық құрамның тілдік құзіреттілігін арттыруға бағытталған.
8.01-18.01.2019ж. мерзімі аралығында Академиялық мәселелер жөніндегі Департаменттің «Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру» және «Шет тілдерінде білім беру сапасын қамтамасыз ету» бөлімдерінің ұйымдастыруымен пәндерді шет тілінде оқыту сапасын жақсарту және ағылшын тілін қолданудың тиімді әдістерін насихаттауға бағытталған «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL) әдісі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
CLIL әдісі - пән мен тілді кіріктіріп оқытуға негізделген әдіс ретінде, пәндерді ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері мен әдістерін-тәсілдерін үйретеді.
Курстың лекторы ретінде – Ағылшын тілі мұғалімдері Ұлттық Ассоциациясының президенті (KazTEA), тілдік білімді бағалау бойынша маман Летяйкина Татьяна Адыгамовна шақырылып, ол практикалық сабақтар және тренингтердің көмегімен тыңдаушылардың тілдік және әдістемелік дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.