Жаңалықтар
"Өзгерістер – мүмкіндіктерге жол ашады" тақырыбында семинар-тренинг
- Қаралды: 359
"Студенттерге психологиялық көмек көрсету" орталығының ұйымдастыруымен "Ақпараттық технологиялар және энергетика" факультетінде шетел студенттерімен "Өзгерістер – мүмкіндіктерге жол ашады" тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Орталық мамандары А.Д.Байрова мен Ж.А.Төлеген психологиялық тренинг жүргізді. Семинар-тренингке "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінен білікті Заңгер Е.Бекбосынов "Заңгер кеңесі" тақырыбында баяндама жасап, шетел студенттеріне Қазақстан Республикасының Конститутциясымен таныстырып өтті. Сонымен қатар Елбасымыздың бастамасымен ашылған "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының мамандары Э.Турегельдиева мен Е.Амирханқона қонақ ретіндешақырылып, шетел студенттеріне кафедраның жұмысы мен негізгі мақсаттары туралы баяндама жасады.