Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы ОҚМУ - заңды тұлғалар арасында өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеуге электрондық өтінімдерді беру бойынша көшбасшы
- Қаралды: 404
Бүгінгі таңда инновациялық-кәсіпкерлік қызметтер, білім және ғылыммен қатар қазіргі жоғары оқу орындарының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Инновациялық-кәсіпкерлік жоғары оқу орны өзін ғылымды қажетсінетін өнімді жасаушы, өндіруші және өткізуші ретінде көрсетуі қажет.
Қазіргі уақытта университетімізде елеулі зияткерлік ресурстар жинақталған және де ОҚМУ-дың толық инновациялық инфрақұрылымы олардың табысты коммерцияландырылуының алғышарты болып табылады. Аталмыш инфрақұрылым ғылыми-техникалық әзірленуден өткізудің толық циклін қамтамасыз етеді: техника саласындағы зерттелетін әзірлемелердің қазіргі заманғы деңгейін басып озатын ғылыми идеялар генерацияларынан ғылымды қажетсінетін өнімдер өндірісін ұйымдастыруға дейін.
2013 жылдан бастап Зияткерлік меншікті қорғау және бағалау бөлімі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің РМК «Республикалық зияткерлік меншік институтымен» бірлесе отырып барлық өнеркәсіптік меншік обьектілеріне қауіпсіздік құжаттарын беру туралы өтінімдерді электронды түрде беру ұйымдастырылды – бұл «Цифрлық Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, халыққа көрсетілген қызмет сапасын арттыру, қағазды құжат айналымын азайту және іс-жүргізуді жеңілдетудегі маңызды қадам.
2013 жылдан бастап «Зияткерлік меншікті бағалау және қорғау» бөлімінде мына жұмыстар орындалды:
- алынғаны: Ғылыми ашылым – 3; Еуразиялық патентті ведомствасы (ЕПВ) – 5, ҚР патенттері– 47; ҚР инновациялық патенттері– 81; Пайдалы модельге патенттер – 92, оң шешімдер – 74;
- 2016 жылы аталмыш бөлім «Қазақстанның зияткерлік меншігі» атты халықаралық журналда үш мақала дайындап жариялады (№2 «Зияткерлік меншікті коммерциализациялау мәселелері», №3. «ОҚМУ үздік өнер туындысы», №4. «ОҚМУ үздік өнертапқышы»).
- ҚР авторлық куәлігімен қорғалған зияткерлік меншік құндылығын есептеудің жеңілдетілген электрондық әдісі әзірленді;
- жалпы соммасы 93 млн. тенгеден асатын 9 патент бағаланды. Бұл сомма балансқа жарғылық капитал ретінде енгізілді. Бұл Қазақстандағы алғаш рет мемлекеттік университетте «ОҚМУ» ЖШС-ін ашуға мүмкіндік берді;
- 2015 жылы М. Ауэзов атындағы ОҚМУ Еуразия аймағында өнертабысқа және патенттік бизнеске үлес қосқаны үшін В.И. Блинников атындағы Еуразиялық Патент ұйымының Алтын медальмен марапатталды;
- 2017 жылы біздің университетімізден Оңтүстік Қазақстанда алғашқы рет ұсынылған РСТ Халықаралық патенттік үйлестіру жүйесі туралы «Бұрғылау-кескіш біріктірілген бұрғылау құралы» атты өнертабысқа өтінім тіркелеген. Өнертабыс тау-кен өнеркәсібіне жатады, атап айтқанда механикалық бұрғылау құралдары, тау-кен және мұнайгаз өнеркәсібінде ұңғымаларды бұрғылау үшін пайдалануға болады. Ерекше атап өтсек бұл іс-шараның себебі кеңейтілген патенттік ізденістердің нәтижелері мен оның ішінде өнеркәсіптік үлгілердің өз кезегінде зияткерлік меншіктің осы объектісін сатуға деген үміт берді. Сондықтанда, ол бұрғылау құралының әлемдегі ең ірі өндіруші болып табылатын Швецияда өнертабысқа патенттелді;
- 2018 жылы ОҚМУ патенттерінің электронды каталогы әзірленіп, оған ҚР авторлық куәлігімен қорғалған материалдық емес активтерді бағалаудың оңайтылған электрондық әдісі енгізілді. Бұл мәліметтер 2018 жылы ОҚМУ сайтында электронды биржа үлгісінде орналыстырылды;
- 2012 жылдан бастап біздің университет Қазақстан Республикасында өнертабысқа, пайдалы моделге және де т.б. өтінімдер саны бойынша 3-ші орынды сенімді түрде иеленіп келеді;
- 2018 жылдың қорытындысына сәйкес М. Әуэзов атындағы ОҚМУ заңды тұлғалар арасында өнертабысты және пайдалы моделдерді патенттеуге берілген электронды өтінімдер бойынша көшбасшы болып табылады. (мәлімет www.kazpatent.kz сайтта орналыстырылған);
- бөлім ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруға қатысты түрлі семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге үнемі қатысады;
М. Әуезоа атындағы ОҚМУ ұжымын зияткерлік меншікті қорғау және бағалау саласында жеткен жоғары жетістігімен құттықтаймыз!