Жаңалықтар
Педагогикалық білім беруді модернизациялау
- Қаралды: 506
2018 жылғы 30 қазанда Алматы қаласы Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткен «Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімді дамыту: тәжірибе және келешегі» және «Педагогикалық білім беруді модернизациялау» тақырыптарындағы Республикалық конференцияның хаттамалық тапсырмалары мен педагогикалық білім беруді модернизациялау Жол картасының негізгі көрсеткіштерін орындау мақсатында, Академиялық мәселелер жөніндегі Департаментттің ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп педагогикалық мамандықтар дайындайтын жоғары мектептер мен факультеттердің оқытушы-профессорлық құрамы үшін 30.01.2019ж. «Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері» тақырыбында семинар-тренингті ұйымдастырып өткізді.
Семинар-тренингтер қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, информатика, тарих, дене шынықтыру, өнер пәндері бойынша шеберлік сағаттары түрінде ұйымдастырылып, орта білімнің жаңартылған мазмұнының ерекшеліктері, оны педагогикалық мамандар дайындау процесіне ендіру мәселелерін қамтыды.