Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да "CAPSTONE PROJECT" жобасын жүзеге асыру аясында "Адам құқығы және құқықтық мемлекет" атты ашық дәрісі өтті»
- Қаралды: 380
2019 жылдың 6 ақпанында М Әуезов атындағы ОҚМУ-де Қазақстандағы Нидерланд Корольдігі Елшілігінің қолдауымен Орталық Азиядағы ХТР(халықаралық түрме реформасы) өкілдігінің ұйымдастыруымен «Capstone project» халықаралық жобасын жүзеге асыру аясында «Адам құқықтары және құқықтық мемлекет» атты тақырыпта кезекті ашық дәріс болып өтті.
Ашық дәрісті өткізу барысында баяндамашы ретінде адам құқықтары аясында жетекші мамандар, қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері:Түркістан обылысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Р.Р.Хобдабергенова, «Сенім» ҚҚ Президенті В.И.Скрябина, «Оңтүстік – Қазақстан заңгерлер одағы» ҚҰ заңгері Ж.Монтаева және басқада БҚМ тұлғалар қатысты. Іс шараға «Қылмыстық құқық және криминология» және «Халықаралық қатынастар және кеден ісі» кафедралар «Заңтану және Халықаралық қатынастар» факультетінің оқытушылары мен студенттер қатысты, атап айтқанда қатысқан тыңдаушылар жобаның қатысушылары болып табылады.
2018ж 3 қазанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ және Орталық Азиядағы ХТР (халықаралық түрме реформасы) өкілдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, «Capstone project» жобасы бастау алған болатын. Өткізіліп отырған байқау аясында студенттер арасынан 21 студент іріктелініп, «Capstone project» жобасы бойынша таңдап алынған тақырыптармен ғылыми зерттеу жүргізу үшін 7 топқа біріктірілді.
Дәріс «professionaltalks» нысанында өтіп, бұл студенттерге адам құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық тәжірибедегі өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасуға мүмкіндік берді, мысалы тыңдаушылар тарапынан ҚБК дәріс оқушыларының кәсіби тәжірибесіндегі сотталушылар құқығын қорғауға және оларды бейімдеу мен байланысты мәселелер қызығушылық тудырды.
Бүгінгі күні қоғамдық Бақылау Комиссиясы (ҚБК)- қылмыстық сот төрелігі жүйесін қоғамдық бақылаудың ең мықты және тәуелсіз механизмі, ҚБК мүшелері заңгер, сот- медициналық сарапшылар, дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер болып табылады, олар жабық мекемелерге кіру құқына ие және осы мекемелерге жүйелі бақылауды жүзеге асырады.
PRI-әлемдегі қылмыстық сот өндірісі аясындағы реформаларды жүзеге асыратын әлемдік үкіметтік емес ұйым, ол түрме реформасы және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып жаза қолдану саласында шешімдер қабылдаумен айналысады.
Кездесу соңында барлық тыңдаушылар қонақтарға пайдалы және қызықты дәрістері үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесулер дәстүрлі түрде ұйымдастырылатынын туралы сенімін білдірді.