Жаңалықтар
Ақпараттық хат Құрметті әріптестер!
- Қаралды: 555
Сіздерді «Заманауи білім беру: мәселелер, трендтер және стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың 2-ші Халықаралық форумына қатысуға шақырамыз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |
Ақпараттық хат
Құрметті әріптестер!
Сіздерді «Заманауи білім беру: мәселелер, трендтер және стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың 2-ші Халықаралық форумына қатысуға шақырамыз.
Форум өту мерзімі: 2019 жылдың 25-26 сәуірі,Шымкент қ., Қазақстан Республикасы
Форумның мақсаты
оқытушылардың кәсіби тәжірибелерін жинақтау және насихаттау, шығармашылық әлеуетін ашып, , ҚР жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын және ғылыми-әдістемелік деңгейін жақсартуға ықпал ету.
Форумның міндеті
Қазақстан Республикасындағы, шетелдік жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу мен байланысты кеңейту, ұстаздардың кәсіби деңгейінің өсуіне қолдау жасау.
Жаңашыл педагогтардың 2-ші Халықаралық форумы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Әлемнің түрлі елдеріндегі білім дамуының стратегиялары.
2. Білім берудегі заманауи инновациялар.
Форум жұмысына қатысу үшін ҚР және шетелдік ЖОО-дың профессор – оқытушылар құрамы, жас ғалымдары, докторанттары мен магистранттары және колледж мен мектеп мұғалімдері шақырылады.
Форум барысында төмендегідей байқаулар ұйымдастырылады:
-Үздік оқу-әдістемелік пәндер кешені;
-Үздік оқулық (оқу құралы);
- Үздік кейс;
- Үздік портфолио;
- Үздік электрондық окулық (ПОӘК);
- Үздік мультимедиалық презентация;
- Үздік бейнефильм;
- Инновациялық әзірлемелер көрмесі.
Ашық дәрістер, шеберлік-кластар, тренингтер өтеді.
Конкурсқа және инновациялық әзірлемелер көрмесіне қатысу үшін 2017 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында әзірленген және басылымнан шыққан материалдар ұсынылады.
Форум шеңберінде қашықтықтан бейнеконференция түрінде баяндамалар жасау және жаңа қатысушылардың ұсынымы бойынша конкурстар енгізілуі қарастырылған.
Конкурсқа қатысты мақалалар мен материалдарды 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін жіберу қажет.
Ұйымдастырушы комитетінің мекен- жайы:
160000 Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5, ОҚМУ Академиялық мәселелер жөніндегі департамент, Білім беру бағдарламаларымен әдістемелік қамтамасыз ету орталығы - бас ғимарат, 2 қабат, 200 каб, байланыс телефоны: 8 (7252) 21-06-93, форум үйлестірушісі –Тасыбаева Ш.Б. тел.:8-701-746-10-12
Электронды почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Барлық ақпарат М.Әуезов атындағы ОҚМУ сайтында-www.ukgu.kz, және келесі әлеуметтік желілерде көрсетілген.
Facebook www.facebook.com/official.kz
Instagram www.instagam.coom/official.ukgu.kz vk.com/ukgukz
twitter.com.ukgukz.
Форум қорытындысы бойынша қатысушылардың мақалалар жинағы басылымнан шығару жоспарлануда.
Форумның еңбектер жинағын басып шығаруға ұйымдастырушылық жарна 4500 теңгені құрайды.
Банк реквизиттері:
М.Әуезов атындағы ОҚМУ ШЖҚ РМҚ
Шымкент қ, Тәуке-хан даңғылы, 5
«Евразийский банк» АҚ
РНН 582100003432
ИИК KZ 9894815KZT22032170
БИК EURIKZKA
Код 16
БИН 990240005557
Ескерту:
«Назначение платежа» өрісте «Халықаралық жаңашыл-педагог форумы, 2019» көрсету қажет.
Тіркеу жарнасы ақысының төленген түбіртектің сканерленген көшірмесін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық пошта мекенжайына жіберіңіздер.
Форумға қатысушылардың жол, тамақ, тұратын жерінің шығындарын қатысушы өзі немесе жіберген ұйым тарапынан төленеді.
«Заманауи білім беру: мәселелер, трендтер және стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың 2-ші Халықаралық форумына
Қатысуға сұраным
25-26 сәуір 2019 ж.
Қала |
|
ЖОО |
|
Автордың аты жөні ( бірлескен автор) |
|
Жұмыс орны |
|
Қызметі |
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы |
|
Мақаланың атауы (баяндама) (нөмір және бағыты) |
|
Байқауға қатысуы: |
|
1) байқау атауы |
|
2)ашық сабақты өткізу (сабақтың түрі, тақырыбы келтіріледі) (On-lien) |
|
3)көрмелерге қатысу |
|
4) Форум аясында мастер-класс, тренингтер жүргізу (қажетті жабдықтарды, тақырыпты көрсету және ұйымдастыру комитетімен алдын-ала байланысу) |
|
5) телеконференцияға қатысу |
|
Байланыс телефоны |
|
Электронды мекен жайы (e-mail) |
|
Пошталық адрес (қажет болған жағдайда еңбектер жинағын жіберуге) |
|
Қонақ үйге алдын ала тапсырыс (иә, жоқ) |
|
Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Мақала көлемі - 3-10 бет;
Мәтін пішімі - А-4 форматында;
Мақала тілдері – қазақ, орыс, ағылшын
Азатжол алдындағы аралық (абзац) – 1,25 см.
Мақала мәтінінде Times New Roman қарпі қолданылады
Қаріп өлшемі – 12;
Жиектері – 20 см;
Мәтінді теңестиіру –ені бойынша
Мақала файлы - Microsoft Word (*docx)
Мақаланың құрылысы:
Материал төмендегідей тәртіппен орналастырылады:
- ӘОЖ;
- мақаланың атауы қою қаріппен, бас әріптермен ортаға жазылады;
- автордың(лардың) ғылыми дәрежесі, аты-жөні;
- ұйымның, қаланың, елдің толық атауы;
- орыс тілінде жазылған мақалаларға түйіндеме және summary, қазақ тілінде жазылған мақалаларға резюме и summary, ал ағылшын тілінде жазылған мақалаларға түйіндеме және резюме
Түйін сөздер;
Негізгі мәтін (кіріспе, нәтижелері, қорытындылары)
Әдебиет.
Мақаланың мәтіні (беттердің номерлерін көрсетпей) және сұранымы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды пошта адресіне немесе электронды түрденұсқада дискіде ұсынылады (файлдардың аталуында бірінші автордың аты-жөні тұру қажет, мақала мен сұраным бірге бір файлда болуы қажет).
Авторлардың саны 3 адамнан аспау қажет. Бір автордың тегі үш реттен қайталанбау керек.
Мақала мәтіні редакцияланбайды және тұпнұсқа ретінде қабылданады. Еңбектердің жиынтығы тура көшіру әдіспен жинақталады.
Көрсетілген мерзімнен кейін берілген немесе талаптарға сай емес материалдар қабылданбайды, баспаға ұсынылмайды және материалдар қайтарылмайды.
Сондықтан ұсынылатын материалдардың жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігіне мұқият назар аударуларыңызды сұранамыз, себебі аударылған төлем ақылар қайтарылмайды.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі:
ӘОЖ (10 пт)
Оқытудың инновациялық әдістері: оқытудың теориясы мен әдістемесі (11 пт)
Б. Асанов (11пт) п.ғ.к, доцент (10пт) М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан (10пт)
Түйін (10пт)
Summary (10пт)
Мақаланың негізгі мәтіні (11 пт) ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Әдебиет (11 пт)
1 2 |