Жаңалықтар
«Ана – тіршіліктің тірегі»
- Қаралды: 382
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында «8 – наурыз халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Ана – тіршіліктің тірегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараны 6-биология тобының тәлімгері С.Арапбаева мен топ тыңдаушылары ұйымдастырды.
Мерекелік концертте дайындық орталығының басшысы Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы сөз алып, барша мұғалімдер мен тыңдаушы аруларымызды «8 – наурыз әйел-қыздар мерекесі» күнімен айрықша құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Тыңдаушылар дайындаған номерлер арқылы барлық апайларды ән шашуымен, жүрекжарды жырларымен құттықтап, өз алғыстарын білдірді.
Іс-шарада тыңдаушыларымыздың аналар мен қыздарға арналған әсерлі комедиялары мен әсем әндері көрермен қауымның көңіл-күйін көтеріп, жүректеріне қуаныш сыйлады.