Жаңалықтар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСУ
- Қаралды: 325
2019 жылдың 19 наурызда Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінде Plagiat.pl Польша компаниясы және Шымкент университеті ұйымдастырған «Академиялық адалдық – мәселенің тамыры және зардаптары, ғылыми басылымдардағы плагиат» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері қатысты. Олар: компьютерлік технологиялар және телекоммуникациялар орталығының басшысы Инкарбеков С.А., компьютерлік технологиялар және телекоммуникациялар орталығының инженері Умірбеков С., білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету орталығының басшысы Тасыбаева Ш.Б., оқу үрдісін ұйымдастыру орталығының басшысы Адырбекова Г.М., оқу үрдісін ұйымдастыру бөлім жетекшісі Құрбанбеков К.Т., Жоғары оқу орнынан кейінгі білімберу институтының директор орынбасары Қонарбаева З.К.
Дөңгелек үстелде Али Тахмазов - Plagiat.pl Польша, Варшава компаниясының атқарушы директоры баяндама оқыды, Яцук Михаловски Польша, Варшава, Украинаның Киев қаласы Ұлттық Университетінің ғылыми және мамандандырылған басылымдар бөлімінің меңгерушісі Елена Евдоченко қашықтықтан баяндама оқыды және Шымкент университеті, Мирас университеті және Түркістан қаласындағы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері қатысты.
Баяндамашылар поляк, Украина университеттерінде және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында плагиатқа қарсы күресте өздерінің тәжірибелерімен, оларды болдырмау жолдары және польшалық жоғары оқу орындарының автономиясының білім беру сапасына, бағалау рәсімдеріне әсері жөнінде бөлісті.