«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны»

2019 жылдың 3-4 сәуір аралығында Шымкент қаласындағы   Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбындағы 2 күндік республикалық семинар аясында «Қазақстандағы жазу реформасы: мәселелері мен болашағы» дәріс оқылды. Шараның мақсаты – қазақ әліпбиі мен ережелерінің құрылымын, жаңалықтарын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау. Аталмыш шараға ОҚМУ Тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі А.Жамантаева қатысып қайтты. Ол Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл –Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қолданбалы Лингвистика басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., Б.Д. Ысқақ пен Нұр-Сұлтан қаласы, Назарбаев университеті Қазақ және түркі тілдері департаментінің ассистент профессоры, ф.ғ.к., Ж.А. Ағабековалардан Жаңа емле оқу-әдістемелік құралының негізінде 6 тақырып бойынша дәріс алып, практика жолымен меңгеріп, жазуға, оқуға дағдыланып қайтты. Республикалық семинар барысында таныстырылған жаңа әліпби емле ережелерінің жаңалықтарын қазіргі кезде бөлім тарапынан ашылған тілдік курстарға да қолдануға болады. Семинар соңында Жамантаева Ақтолқын Әлиярбекқызына  арнайы сертификат табыс етілді. 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.