«Өрлеу» БАҰО АҚ «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбындағы курс

 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы-Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбындағы курсы 15.04-17.05.2019ж. мерзімі аралығында  өз жұмысын бастады. Курстың мерзімі 7 аптаны құрайды, оның 2 аптасы онлайн оқыту, 5 аптасы күндізгі оқыту түрінде.

Жалпы «Өрлеу» БАҰО арқылы 2012-2018 жылдар   аралығында университетіміздің 329 профессор-оқытушысы біліктілігін арттырды. Биылғы оқу жылындағы тыңдаушылар саны 25 адамды құрайды. Университет базасында ұйымдастырылған курстың лектор-тренерлері  Қыдырбек Өмірбек және Каупен Самал Мухаметалиевна.

Курс бойынша оқыту модульдерінің атаулары:

  •  «Психологиялық-педагогикалық модуль»
  • «Мазұндық модуль»
  • «Технологиялық модуль»
  • «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ЖОО пәндерді оқыту әдістемесінің негіздері».

Университет профессор-оқытушылар құрамы осы жоғарыда аталған  модульдер аясындағы басты концепцияларды игеріп, оқыту және өзіндік жұмыс нәтижелері арқылы кәсіби талдаушылық қабілеттерін арттырады, өздігінен проблемалық тапсырмаларды, жағдайларды құра білуге машықтанады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.