Шымкент қалалық «Ынтымақ» этномәдени және Түркістан облыстық қырғыз этномәдени бірлестіктері өкілдерімен «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» тақырыбындағы кездесу

2019 жылғы 18 сәуір күні  сағат 15.00-де М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының конференц залында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастыруымен Шымкент қалалық «Ынтымақ» этномәдени және Түркістан облыстық қырғыз этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» тақырыбындағы кездесу өткізілді.

Кездесудің ұйымдастырылу мақсаты: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт – саналары және  олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізу.

Кездесуге Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің төрайымы Төлепова Гаухар Уалиханқызы, Түркістан облыстық қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Рысбеков Аблай Серикбаевич, Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі жастар қанатының төрайымы Жақсылық Ғалия,  Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің төрайымы ның орынбасары Садықова Жангүл Эрнстқызы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының ұжымы, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және факультет студенттері қатысты.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.