Жаңалықтар
«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ: ҚАТЕРЛЕР, ТРЕНДТЕР МЕН СТРАТЕГИЯЛАР»
- Қаралды: 380
2019 жылғы 26 сәуірде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да Жаңашыл-педагогтардың 2-ші халықаралық форумы өз жұмысын аяқтады.
Форумда ҚР білім мекемелерінің барлық буындары қамтылды: мектеп-колледж-ЖОО. Өйткені Форум өзін білімді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және білім кеңістігінде үздік педагогикалық тәжірибені өзара трансляциялау үшін тұрақты жұмыс істейтін пікірсайыс алаңы ретінде көрсете білді.
Форумның еңбектері жарық қөрді. Мақалалары жарияланған авторлардың арасында Чехия, Түркия, Швеция, Польша, Малайзия, Латвия, Белоруссия, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан педагогтары, мектеп пен колледж мұғалімдері бар.
Форумның пленарлық мәжілісінде ғалым-педагогтардың: Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, п.ғ.д., Абай атындағы Педагогика ғылымдары академиясының академигі Б.А. Тұрғынбаеваның; А.С. Пушкин атындағы №1 мектептің биология пәні мұғалімі, Қазақстанның Еңбек Ері А.Р. Соловьеваның, Балыкесир университетінің профессоры, п.ғ.д., Джемаль Окуйанның (Балыкесир қ., Түркия), ТарМПУ профессоры, п.ғ.д., К.Д. Бұзаубақованың, Өзбекстан Республикасы Низами атындағы Ташкент педагогикалық университетінің доценті, п.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚМУ профессоры, п.ғ.д., Е.Ш. Қозыбаевтың баяндамалары тыңдалды. Баяндамалар ЖОО оқытушыларының ғылыми-әдістемелік мәдениетін дамыту; жаңа буын биология оқулықтары құрылымының ерекшеліктері; дуальды оқыту жүйесі жағдайындағы үздіксіз педагогикалық практика; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бойында ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру; педагогикалық білім беруді жаңғыртудағы кластерлік әдістің мүмкіндіктері.
Секциялық отырыстарда 50-ден астам баяндама тыңдалды. Дуальды оқыту мәселелері, білімді стратегиялық дамытудағы шетел мен Қазақстанның тәжірибесі қозғалды, әлемдік трендтер және Қазақстан Республикасындағы болашақ білім беру трендтері талданды.
Форум шеңберінде Эразмус+ бағдарламасы бойынша Финляндия (Тампере Қолданбалы ғылымдар университеті, Тампере қ.), Дания (Қолданбалы ғылымдар университеті, Оденсе қ.), Испанияның (Вальядолид университеті Вальядолид қ.), Ресейдің (Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті, Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Урал федералдық университеті), Қазақстанның (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті), сондай-ақ Бельгияның (Modern Education and Research Institute, Брюссель қ.), Қытай Халық Республикасының (Конфуций институты, Шыңжаң қ.) оқытушыларының қатысуымен вебинар өткізілді.
Форум шеңберінде ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, тренингтер, сондай-ақ үздік оқулық /оқу құралы, үздік кейс, үздік портфолио, үздік электрондық оқулық (ПОӘК), үздік мультимедиялық таныстырылым, мектеп мұғалімдерінің шеберлік сыныптары номинациялары бойынша конкурстар өткізілді, инновациялық педагогикалық әзірлемелер көрмесі ұйымдастырылды. Байқау жеңімпаздары Қазақстан Республикасының білім жіне ғылым министрінің дипломдарымен мадақталды. Форумға қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Форум нәтижелері бойынша қарар қабылданды.
Кадрлардың кәсіби дайындық сапасын одан әрі арттыру және ұлттық білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Жаңашыл-педагогтардың 2-ші халықаралық форумына қатысушылар.