Жаңалықтар
«Қазақстан Республикасының Конституциясы – Негізгі ата заңымыз және мемлекет пен азаматтық қоғам дамуының негізгі бастауы»
- Қаралды: 345
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен2019 «Жастар Жылы» аясында жастардың әлеуметтік белсенділік және мамандыққа қызығушылықты арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Конституциясы – Негізгі ата заңымыз және мемлекет пен азаматтық қоғам дамуының негізгі бастауы» атты тақырыптаҚР Конституциялық құқығы пәнінен – қалалық пәндік олимпиада өткізілді.
30.04.2019ж күнге созылған пән олимпиадасына жалпы бес команда қатысып оның жеңімпаздары мен жүлдегерлерді анықталды. Командалық есепте Бірінші орынды М.Сапарбаев атындағы «Мардан Ұландары» командасы, екінші орынды – М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Төрелік» командасы және екінші орынды – SILLK WAY университетінің –«Алаш» командасы, үшінші орынды – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің «ОҚМПУ» командасы және үшінші орынды - Аймақтық Әлеуметтік Инновациялық университетінің - «Әділет» командасы иеленді. . Өзге оқу орнынан келген қатысушы топтар өздерін жақсы қырларымен танытып, дипломдармен, сертификаттармен, алғыс хаттармен марапатталды.
Жүлделі орын иеленген командалар «Заңтану және Халықаралық қатынастырә факультетінің деканының марапаттау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.