«Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы»

М. Әуезов атындағы «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің, ММГ-16-8к тобының студенті Жұмабек Жәнібек Талғатұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенттік Қорының сайысына қатысып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенттік Қорының – Елбасымен ұйымдастырылған,  жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша «Болашақтың ғалымдары» атты студенттердің ең үздік ғылыми жұмысының Республикалық сайысында екі жыл қатарынан жеңімпаз (Алматы қаласы, диплом және медаль) атанды. Астана қаласында өткен  ҚР-ның ЖОО-ның студенттерінің арасында «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» үшін, І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Бұл  студенттің ғылым мен инновацияға деген қызығушылығын арттыруға жетекшілері: т.ғ.к , профессоры Г.Ж. Бимбетованың  және т.ғ.к  доценті  М.К. Жантасовтың қосқан  үлесі зор.

«Мұнайгаз ісі» кафедрасының оқытушыларымен бірігіп мұнайгаз кәсіпшілік жабдығы мен магистралдық мұнай өткізгіштерді ангикоррозиялық қорғауға арналған композициялық жабындарды жартылай өндірістік сынауға 1 акт ендірді. Алыс және  шетелдік Қазақстан Республикасының халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында 12 мақала жариялады, сонымен қатар, өнертабысқа ҚР-ның патентін алу үшін бір тапсырыс берілді.

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Мұнайды сусыздандырусыз май өндірісінің қалдықтарының негізіндегі реагенттерді алу және зерттеу». Берілген тақырып «Жасыл экономика» бағдарламасының жүзеге асырылуы шеңберінде ерекше өзекті болып саналады және өндірісте жүзеге асырылады деп сенеміз.

«Ғылыми зеттеу басқармасы »

директоры  Назарбек Ұ.Б.

«Мұнайгаз ісі» кафедрасы профессоры доктор

 Надиров К.С.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.