М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 598817-EPP-1-2018-1-DE-EPPKA2-CBHE-JPEEIHSR «Жылдам темір жолдардағы экономика, экология және инфрақұрылым» жобасы аясындағы бірінші мониторингте қатысуы.

2019 жылдың 24 мамыр айында М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы базасында (Алматы қ.) 598817-EPP-1-2018-1de-EPPKA2-CBHE-JP Экономика, экология және инфрақұрылым (EEIHSR) жобасы аясында Эрасмус+ Қазақстандағы Ұлттық кеңсесінің директоры     Ш.У.Тасболатова және темір жол көлігі саласындағы жергілікті жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен алғашқы консультативтік мониторинг болып өтті. Мониторингтің  басты мақсаты  қазіргі уақыттағы жобаны іске асыру процесін бағалау, сондай-ақ нәтижелер және қойылған мақсаттарға қол жеткізу туралы ақпарат алу. Іс-шара аясында жобаға қатысушы М.Тынышпаев атындағы ҚазККА, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және М.Әуезов атындағы ОҚМУ жоғары оқу орындары презентациялары ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, М.Әуезов атындағы ОҚМУ 598817-EPP-1-2018-1de-EPPKA2-CBHE-JP Жылдам темір жолдардағы Экономика, экология және инфрақұрылым (EEIHSR) жобасы Консорциумының мүшесі болып табылады.

Жоба-серіктестері: Жоба үйлестірушісі – Дрезден техникалық университеті (Германия), ЖОО-қатысушылар: Мадрид политехникалық университеті (Испания), Катовице экономика университеті (Польша), Император I Александр Петербург Мемлекеттік жол қатынастары Университеті (Ресей Федерациясы), Қиыр шығыс мемлекеттік қатынас жолдары университеті (Ресей Федерациясы), М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (Қазақстан) және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан).

Халықаралық байланыстар орталығы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.