Жаңалықтар
«Кәспкерлік негіздері» курсы
- Қаралды: 354
2019 жылдың 18-29 тамызы және қыркүйек айының 16-ы мен қазан айының 3-і мерзімі аралығында «Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру» бөлімі және «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен университеттің профессор-оқытушылар құрамына арналған «Кәсіпкерлік негіздері» қысқа мерзімді курсы болып өтті.
І кезеңде «Басқару және бизнес» Жоғары мектебінің «Экономика», «Экономикалық теория», «Менеджмент және маркетинг», «Халықаралық туризм және сервис», «Қаржы», «Есеп және аудит» кафедраларының 36 оқытушысы, ІІ кезең бойынша университеттегі 11 факультеттің 30 оқытушысы біліктілігін арттырды.
Курс барысында оқытушылар кәсіпкерліктің мәні және мазмұны, кәсіпкерлік істің түрлері, кәсіпкерлік істі ұйымдастыру және дамыту, бизнес жоспар, кәсіпкерлік істің қаржылық жағдайын талдау және бағалау, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу және т.б. мәселелер бойынша теориялық білімдерін байытып, тәжірибелік шеберліктерін шыңдады.
Алдағы уақытта аталған оқытушылар құрамы студенттерге «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін оқытатын болады.