М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Кәсіпкерлік негіздері» пәнінен қонақ дәрістер өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП ҚР БҒМ-мен бірлесіп ЖОО-дары үшін кәсіпкерлік негіздері бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Шымкент қаласында аталған жобаға 2 жоғары оқуорны –М.Әуезов атындағы ОҚМУ және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті қатысуда.

12.10.2019ж. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде дәрістер өтті, оған осы университеттің 1000-ға жуық студенті қатысты.

Қонақ дәрісті оқытқан кәсіпкерлер: Шымкент қ. Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.О.Қабыштаев және «Композит Билдинг» ЖШС директоры, Шымкент қ. Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Г.К.Тәжібаева.

Кез келген сәтсіздік тарихы табысқа жетудің кілтіне айналуы мүмкін. Өзіңнің және басқалардың қателіктеріне қарап шын мәнінде көп нәрсені үйренуге болады. Бұл тұжырымды «Кәсіпкерлік негіздері» бойынша қонақ дәрістерге келген жастар түсінгендей болды.

Гүлбахира Қалмұқанқызы Тәжібаеваның тарихы – арманға жету жолында адам, тіпті еңсерілмейтін кедергілермен бетпе-бет кездесетінінің дәлелі. Бизнес-вумен өз қаржылық тәуелсіздігіне өте ұзақ және қиын жолмен келді. Осы уақыт ішінде ол бизнес-әдебиетті оқып, қызметкерлерді қалай басқаруға үйреніп, лекцияларға, семинарларға және бизнес-тренингтерге қатысып, білімі мен дағдыларын жетілдірді.

Өз кезегінде өңірлік палатаның директоры Нұрлан Орынбасарұлы студенттерге жастарды қамтитын барлық мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып берді.

Студенттер үшін осындай дәрістердің маңызы зор: табысты бизнес кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосып қана қоймай, өз ісін бастаушы жастарды қолдау мен ынталандыруға да ықпал етеді. Мұнда айтылған ойлар мен идеялар өте қызықты: Шымкенттің кәсіпкерлігі қай бағытта дамиды, қандай бизнесті тез дамытуға болады, оның сыры неде. 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.