Жаңалықтар
ШЫМКЕНТТЕ II АЙМАҚТЫҚ ІТ ФОРУМЫ ӨТТІ
- Қаралды: 337
Бүгін Шымкент қаласында «Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар және SMART SHYMKENT ДАМУ стратегиясы» тақырыбында II аймақтық ІТ форумы өтті.
Цифрландыру саласын дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов пен IT технологиялар саласындағы сарапшылар, Түркістан облысы мен қалалық жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ЖОО-ның басшылары қатысты.
Өркениетті елдер қалаларының қатарына қосылу үшін, цифрландыру саласын дамыту қазіргі заман талабы екенін айтқан қала әкімі бүгінгі форумның мақсатына тоқталып өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша Орталық Азиядағы Қазақстанның көшбасшылық рөлін күшейтуді айтқан болатын. Бүгінгі Орталық Азия мен Еуропа елдерінен келген қатысушылардың басын қосқан II аймақтық ІТ-форумының мақсаты аталған тапсырманы жүзеге асыру болып табылады. Шымкент қаласын еліміздің цифрлық орталықтарының біріне айналдыру үшін қазіргі таңда қажетті база мен коммуникациялық мүмкіндіктер бар. Біз соны тиімді пайдалануымыз керек» деді Ерлан Қуанышұлы.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұсынған бірқатар жобаларда олармен әрі қарай бірлесіп жұмыс жасау сұранысқа ие болды. Оның ішінде: «Қоғамдық автокөліктердің жол төлемақысын цифрландыру» және «Тұрғын үй электр жарықтарын автоматтандыру және моноторинг жасау» сияқты жобалаларды іске асыруға екі жақты тапсырма берілді.
Бұдан өзге форумда Қытай, Германия, Белоруссия мен Эстония елдерінен келген спикерлер IT-технология саласында өздерінің тәжірибелерімен, ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, шарада аталмыш саладағы өзекті мәселелер талқыланып, озық технологиялардың жетістіктерін мемлекеттік органдар жүйесіне, көрсетілетін қызметтер саласына ендірудің жолдары мен тәртібі сөз болды.
Форум барысында мегаполисті цифрландыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, нақты жүзеге асырылатын жаңа жобалардың таныстырылымы өтті.