«Жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізудің типтік алгоритмі»

27.11.2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ҚазГЗУ базасында ҚР БжҒМ ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізудің типтік алгоритмі» тақырыбында републикалық тренинг өтті. Тренинг жұмысына М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің О ж ОӘЖ жөніндегі проректоры Қ.Байболов, Парасат басқармасының  басшысы Г.Дулатова, Жастар орталығының басшысы  З.Орынбеков қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе жинақтады. 

28.11.2019 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында жалғасын тапқан іс-шара «ЖООда ПОҚ мен студенттер арасында парасаттылықты қалыптастыру» тақырыбына арналды. Академия вице-ректоры Е.Дусипов семинарды ашып, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің парасаттылық департаментінің директоры Д.Сабирбаевтыңбаяндамасымен жалғасты. Парасаттылықты қалыптастыру мәселелері бойынша қызу пікірталастар болып, өзге ЖОО өкілдері өзара тәжірибесімен алмасты.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.