«Парасат» басқармасының ашылу салтанаты

2019 жылы 06 желтоқсан күні сағат 15:00 де М.Әуезов  атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде бас ғимарат 138 кабинетінде «Парасат» басқармасының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар Әбдінабиұлы «Шымкент-Адалдық алаңының» жетекшісі Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы және Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері, университет оқытушылары мен студенттер қатысты. Іс-шараны университет ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы ашты.

Іс-шараның мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты адалдық қағидаттарына тәрбиелеу, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін дамыту және енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асыру мақсатында құрылған «Парасат» басқармасын жариялау болды. 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.