Жаңалықтар
Мамандық таңдау – маңызды іс
- Қаралды: 443
2019 жылдың 10 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Орынтаев Ж.Қ. бастаған үгіт-насихат жүргізуші топ құрамында «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ақшатаева Ж.Б., «Халықаралық қатынастар және кеден ісі» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Мамашарипова Г.А., «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Ким Э.П., «Философия және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к. Жумабеков М.У., «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының аға оқытушысы Ерманкулов М.К., «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының аға оқытушысы Калышев С.Д., «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. Бекмуратов Е.П. Түркістан қаласы бойынша 35 мектеп, Кентау қаласы бойынша 60 мектептің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби-бағдар беру мақсатында «Талапкер -2020» бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінде 6В04210 - «Құқықтану»; 6В04211 - «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс»; 6В04212 - «Азаматтық құқық және азаматтық процесс»; 6В04230 - «Кеден ісі»; 6В03110 - «Халықаралық қатынастар»; 6В03120 – «Саясаттану»; 6В02210 - «Философия» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары негізінде дайындалатын мамандықтар туралы толық ақпарат берілді.
Болашақ талапкерлерге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің тарихы, жетістіктері, дайындалатын мамандықтар тізімі мен ақпараттар қамтылған буклеттер таратылды.