Жаңалықтар
«Халықтық заңгер» атты жалпы ұлттық науқан
- Қаралды: 398
22.11.2019 жылы сағат 17.00-де Қазақстанның барлық қааларында «Халықтық заңгер» атты жалпы ұлттық науқан өтті.
Мақсаты: науқан арқылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ету. Шымкент қаласында өткен науқанға М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Парасат» басқармасының «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері, "Құқықтану" мамандығының студенттері белсене қатысып, заңгерлік көмек көрсетті.
Қаладағы әрбір тұрғынға өзіне қажетті салада білікті заңгер көмегін тегін алу мүмкіндігі берілген шарада прокурорлар, ішкі істер саласы қызметкерлері, мүлікті тіркеу бөлімінің өкілдері, сот орындаушылары және т.б. құқық қорғау органдары мамандары өз көмегін аямады.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз