ДАҒДАРЫСТЫ БІРГЕ ЕҢСЕРЕМІЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Үндеуінде әлемді алаңдатып отырған індетке қарсы күресуде нақты шаралар қабылдау керегін айтты. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 200 млрд теңге қаржы бөлініп отыр, сол қаражатты шағын және орта кәсіпкерлерді қолдауда тиімді пайдалану қажет.

Өз кезегінде кәсіпорын басшылары мен жергілікті билік өздеріне толық жауапкершілік алып, барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындау тиіс. Бұл да дер кезінде қабылданған шешім.

Қазір коронавирус инфекциясының залалын азайту және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі арнаулы штаб жұмыс істеуде. Азық-түлік пен ең қажет тауарлардың, медициналық мақсатқа арналған заттардың тапшылығына жол бермеу үшін барлық жағдай жасалуда.

Өз кезегінде біз де, яғни қарапайым халық, экономикалық дағдарысты жеңу үшін бостан-босқа үрейленіп дүрлікпей, тәртіп пен сабырлық сақтағанымыз жөн.

Марат Сейдахметов,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.