Жаңалықтар
«Адалдық алаңы»
- Қаралды: 377
14.05.2020ж М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндереспубликалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталықтың төрағасы Байғұлов Төлеген Зейнешұлықонақта болды.
Төлеген Зейнешұлына университет ректоры Дария Пернешқызы «Парасат» басқармасын, Адалдық дүкенін, Студенттерге қызмет көрсету орталығын таныстырып, университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Қонақтар қатарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарыСерікбаев Талғар Әбдінабиұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Алдан-алу басқармасының басшысыҚасымбеков Нариман Бауыржанұлы, «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы – әкімнің штаттан тыс көмекшісіҚамбар Жани Сайдуллаұлыболды.