Жаңалықтар
Онлайн емтихандар бойынша сұрақтарға жауап берілді
- Қаралды: 375
22.05.2020 ж сағат 16.00- де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Р.Ж.Абишева, Тіркеу кеңсесінің басшысы А.Болысбек, Цифровизация департаментінің директоры О.З.Сембиев және Жастар орталығының директоры З.О.Орынбеков онлайн сессия кезіндегі емтихандарда туындаған мәселелер бойынша барлық сұрақтарға жауап беру, сондай-ақ онлайн емтихан тапсырып жатқан студенттердің мәселесін тыңдап кері байланыс орнату мақсатында тікелей эфирге шықты. Эфир барысында студенттер сессияны онлайн тапсыру кезінде кездескен түрлі сұрақтарға жауап алып, мәселелерді шешудің жолдарын түсіндірді.
Тікелей эфирге 1000 аса студенттеріміз қатысып өздеріне керекті ақпаратты алды. Алдағы уақытта да осындай тікелей эфирде апта сайын ұйымдастырып, студенттерге қолдау көрсететін боламыз.