Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр әл-Фарабидің кіндік қаны тамған Отырарда аса көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері, этнограф, ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің қамқорлығымен, Асантай Әлімовтің негізін қалап негіздеуімен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі ашылып, Әбу Насыр әл-Фарабидің туған қаласы Фараб-Отырар-Весидж (Уасидж) Зернук-Оқсыз (Оксус) және Отырар алқабындағы басқа да ортағасырлық қала тұрақтары археологиялық ескерткіш ретінде қорыққа алынып, археологиялық қазба, қайта жаңғырту, ғылыми-зерттеу, мәдени ағартушылық жұмыстары жүргізілуде.Әбу Насыр әл-Фарабидің әлемдік ғылыми ілімдердің қалыптасуындағы рөлін және басқа да, қоғам, мемлекет, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен қызметін – мемориалдық кешен негізінде ашып көрсету.
Әлемде теңдесі жоқ ұлы ойшыл, ғұлама ғалым, жерлесіміз Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлақ әл-Фарабиді қазақ халқы жан дүниесімен сезініп үлкен мақтаныш етеді және ұлы бабасының туған, өмір сүрген, білім алған, қызмет еткен, ғылыммен айналысқан жерінің барлығын қасиетті деп есептеп, бабамыздың туған жері Фараб-Отырарды, фәни дүниеден бақи дүниеге аттанған Дамаск-Шам шаһарын қасиет санап, бабамыздың туған Отаны – Қазақстан мен екінші отаны болған Сирия жерін Адамзат өркениетінің кіндігі деп ұлттық зиярат ету орындары ретінде қабылдайды. Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасы адамзаттың мәңгілік екенін таныта береді. әл-Фарабидің 1150 жылдығы 2020 жылы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілетіні – осының айғағы.


 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.