Жаңалықтар
ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағалидің қатысуымен Бәсекелестікті қорғау жане дамыту Агентті
- Қаралды: 324
ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағалидің қатысуымен Бәсекелестікті қорғау жане дамыту Агенттігінің қалалық департаментінің ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.
Шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, Бәсекелестікті қорғау жане дамыту Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы С.Сихымбекұлы қатысты.
Онлайн шара барысында жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен қолға алынған жобалар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалар шаралар, ұжымдағы парасаттылық құндылықтары талқыланды.
Департамент басшысы Асхат Жұмағали қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістерден хабардар етті.
Сонымен қатар, Асхат Жұмағали өз қызметтерінде жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды тұрақты негізде жүргізіп отыруды ұсынды.
Заңнамалық өзгерістерге кеңінен тоқталған Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев заңнамалық нормалардың қабылдануы – жемқорлықпен күресті күшейтуге үлкен үлесін қосып, оның деңгейін төмендетуге ықпал ететіндігін айтты. Сонымен қатар, жиында "Transparency Kazakhstan" қоғамдық қоры жүргізген өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін зерттеу нәтижелері айтылды.
Парасаттылық – адам бойындағы ізгі қасиет екенін алға тартқан ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, ұжымдағы адалдық, әділдікке көп көңіл бөлуге шақырды.
Өз кезегінде Бәсекелестікті қорғау жане дамыту Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы Сержан Сихымбекұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Шара қорытындысымен қатысушылар жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырылды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз