Жаңалықтар
2021 жылдың 25 ақпанда Білім және ғылым министрлігі докторанттармен, ғылыми жұмыс жөніндегі проректорлармен және ЖОО-ның ғалым хатшыларымен докторантураның сапасын қамтамасыз ету және докторлық диссертацияларды қорғау мәселелерін талқылау бойынша кездесу
- Қаралды: 328
2021 жылдың 25 ақпанда Білім және ғылым министрлігі докторанттармен, ғылыми жұмыс жөніндегі проректорлармен және ЖОО-ның ғалым хатшыларымен докторантураның сапасын қамтамасыз ету және докторлық диссертацияларды қорғау мәселелерін талқылау бойынша кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында министр Аймағанбетов А.К. ғылыми кадрларды даярлау сапасын жақсарту бойынша проблемалар мен қабылданып жатқан шараларды атап өтті. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Көбенова Г.И. докторанттардың оқу кезеңіндегі проблемаларын, сондай-ақ оларды шешу жолдарын ұсынды.
Академиялық адалдық, Scopus халықаралық дерекқорына кіретін журналдарда және басқа да базаларда жариялау, шетелдік ғылыми тағылымдамалар, шетелдік ғылыми консультанттардың еңбегіне ақы төлеу, докторантураға қабылдаудың жаңа қағидалары және басқа да көптеген мәселелер талқыланды.
Сұрақтарға вице-министр Дауленов М.М., ғылыми кадрларды аттестаттау басқармасының басшысы Сәкенова К.Ж., ДВП директоры Тойбаев А.Ж., ғылым комитетінің төрағасы Құрманғалиева Ж.Д. толық жауап берді.
Біздің университеттен ҒЗЖ жөніндегі проректор Сүлейменов У.С., университеттің ғылыми хатшысы Досыбеков С.К., ЖООКБИ директоры Конарбаева З.К. және докторанттар қатысты.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз