1-наурыз Алғыс айту күні мерекесіне арналған кездесу мәжілісі.

      «РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ» ОРТАЛЫҒЫ 

1-наурыз  Алғыс айту күні мерекесіне арналған кездесу мәжілісі

Елімізде 1 Наурыз – «Алғыс айту күні» мейрамы болып 2016 жылдан бастап атап өтіледі. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылған күнін елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, №173 Жарлыққа қол қойған болатын.

М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымы, әсіресе, оның профессор-оқытушылар құрамының этнос өкілдері осы жаңа мерекені қалт жібермей, өздерінің «АЛҒЫС АЙТУ» рәсімін жасау үшін, университеттің «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен салтанатты басқосуға келді.

Салтанатты басқосуды университеттің Әлеуметтік жұмыс және тәрбие ісі жөніндегі проректоры С. Мәжінбеков құттықтау сөзбен ашты.

Алғашқы сөз Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Байқонақов Ербол Сүлейменұлы (ОНЛАЙН) берілді. Өз сөзінде Е.С.Байқонақов бүгінгі күннің Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстар үшін ерекше күн екендігіне тоқталып өтті.

Өздерінің сан қилы соқпақ жолдарынан өткен тарихын еске түсірген қонақтардың бірқатарын атап өтер болсақ, олар:

         Шымкент қалалық  «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің төрайымы Төлепова  Гаухар Уәлиханқызы;

        Шымкент қалалық  «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрайымы Ахметова Саждат Зияутдиновна;

         Шымкент қалалық ҚХА-ның «Ғылыми сараптамалық топ» жетекшісі М.Әуезов атындағы ОҚУ «Философия және мәдениеттану» кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты, Корганова Сайыпжамал Султановна;

         Шымкент қалалық ҚХА-ның «Ғылыми сараптамалық топ» мүшесі, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Замануи  педагогика және психология»  кафедрасының профессоры, педогогика ғылымдарының докторы Алметов Негматжан Шадиметович;

         Шымкент қаласы Славян мәдени бірлестінің жастар бөлімінің жетекшісі, М.Әуезов атындағы ОҚУ  «Мәдени әлеуметтік жұмыс » кафедрасының доценті Тарасенко Татьяна Викторовна және

         студенттік этнос өкілдерінің «Достық» клубының мүшесі, ЭФ 19-7р тобының студенті Аучиев Аль-Хамид  сынды саналуан этнос өкілдері өздерінің бүгінгі күнгі өмірінің неігізін қалаған Тәуелсіз Қазақстан Елінің халқына, Елбасы Н. Назарбаевқа, Президент Қ.К. Тоқаевқа және профессор Д.П.Қожамжарова басқарып отырған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымына Алғыс білдірді. Университеттің өлкеміздегі маңызды орнына жоғары баға берілді.

Сонымен бірге, Шымкент қалалық  «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрайымы Ахметова Саждат Зияутдиновна басқосудың кең ауқымдылығына, жиынға 200-ден астам студент пен тыңдаушылардың қатысып отырғандығына да назар аударып, аса үлкен қанағаттанушылықпен атап өтті. Салтанатты жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасының кемел де жарқын болашағына сенім білдірісіп тарқасты.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.