Жаңалықтар
Қуаныш Сұлтанұлына бағалы сыйлық үшін алғыс айтамыз!
- Қаралды: 356
Құрметті оқырмандар! Саяси ғылымдарының докторы, профессор, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов өзінің: Tәуелсіздік толғамдары: Жинақ/ Қ.Сұлтанов.-Алматы: «Нұрлы Әлем», 2020.- 488 бет. атты жаңа кітабын, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кітапхана қорына Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында сыйға тартты.
Жинаққа автордың Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен даму тарихын ашатын ерекше материалдары, еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігін баянды етіп, оның тұрақтанып, дүниежүзілік қоғамдастықтың мызғымас белсенді мүшесі болуына атсалысып, еңбек сіңіріп жүрген қоғам, мемлекет қайраткерлері туралы сараптама мақалалары, ел ішінде белгілі адамдар туралы пікір, эсселері топтастырылған. Басылымда Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Назарбаевтың мемлекетімізді қалыптастыру, ұлт бірлігін нығайту және нарықтық экономиканы құру жөніндегі еңбектеріне ерекше орын берілген.
Басылым Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін тарихи маңызға ие, студенттердің, магистранттардың, жас ғалымдар мен университет оқытушыларының ғылыми және білім беру жұмыстарында сұранысқа ие болады.
Қуаныш Сұлтанұлына бағалы сыйлық үшін алғыс айтамыз!