Жаңалықтар
«Оқу-әдістемелік әдебиеттер мен пәннің оқу-әдістемелік кешендерін дайындауға арналған дидактикалық талаптар» тақырыбы бойынша әдістемелік оқыту вебинарларын өткізді
- Қаралды: 529
Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің Оқу-әдістемелік орталығы әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Хамитова Барна Махаматовна университеттің еңбек өтілі 3 жылға дейінгі жас оқытушыларға «Оқу-әдістемелік әдебиеттер мен пәннің оқу-әдістемелік кешендерін дайындауға арналған дидактикалық талаптар» тақырыбы бойынша әдістемелік оқыту вебинарларын өткізді. Вебинарға қатысушылар оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу ережелерімен және құрылымымен, мазмұны мен дизайнына қойылатын талаптармен, пәннің оқу-әдістемелік кешендерін келісу, бекіту, өзгерту және сақтау тәртібімен танысты. Вебинарғақатысушылар оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындау және пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымдық элементтерін даярлау туралы көптеген сұрақтарды талқылауға қатысты.