Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Спенс II Central Asia Nobel Fest-тің 15 дәрісінің алғашқысын ашты

Әлемдік аса көрнекті экономист және экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Спенс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында Қазақстандық және Орталық Азиялық сарапшылар, студенттер мен профессорлар алдында II Central Asia Nobel Fest-тің  15 дәрісінің алғашқысын ашты.

Дәріс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ғылым және технологиялар айы іс-шараларының басталуына жол ашты.

Іс-шараны инклюзивті Даму қорының төрағасы М.Курбенов модерациялады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Айгүл Ысқақова құттықтау сөз сөйледі.

Ғалыммен әңгімені әйгілі француз экономисі, Бреттон-Вудсты жаңарту комитетінің бас директоры Марк Узан мырза модерациялады.

Лауреат дәрісінің кіріспесі-дамушы елдердің экономикасын трансформациялау және бизнесті әлемдік экономикалық процестің бір бөлігі ретінде цифрландыру қажеттілігі. Өз сөзінде ол еңбекті көп қажет ететін процестерде бәсекеге қабілетті еңбекті қолдану мүмкіндігін және өндірісті роботтандыруды ұсынды.

"Пандемиядан кейінгі кезеңде дамушы нарықтар мен Қазақстан" пікірталасы аясында, доктор Спенс пандемиядан кейінгі әлемдегі жаһандық экономикалық трендтер және олардың Қазақстан мен дамушы нарықтарға қалай әсер ететіні туралы айтып берді.

Майкл Спенс, covid-19 пандемиясының әлем экономикасының барлық салаларына әсер еткенін және кейбір секторлар дағдарысқа ұшырағанын, ал экономиканың кейбір секторлары, керісінше, өсу үшін қолайлы жағдайларға тап болғанын атап өтті.

Қазақстан экономикасына қатысты Спэнс мырза энергетикалық сектордағы тұрақты табыстың бағытына және бизнеске жан-жақты кең қолдау көрсетуге баса назар аударды.

Қорытынды бөлімде сарапшылар лауреатпен Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің экономикасы бойынша өздерін қызықтырған мәселелерді талқылай алды. Нобель сыйлығының лауреатымен пікірталасқа жоғары оқу орындарының басшылары, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар,министрліктердің өкілдері, өңірдің белгілі экономистері мен сарапшылары, сондай-ақ Ekonomist.kz онлайн-алаңдары қатысты. Онлайн-кездесуге қатысушылар қызығушылықпен талқылаған өзекті сұрақтар қойылды.

Дәрісті қарау мына сілтемеде қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=weAg8SV8y54

Әлемдік сарапшылармен алдағы пікірталастарды, сондай-ақ іс-шаралардың қорытынды құжаттары мен ұсынымдарын жіберіп алмау үшін You Tube-арнасына Nobel Fest, сондай-ақ Instagram парақшасына жазылыңыз.

Лауреаттардың шақыруы бойынша және ЖОО-ны дәрістерге қосу бойынша телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: +77019402978, +77058636733

Дәрістер мен фестивальге қатысу үшін Nobel Fest ресми сайтында келесі сілтеме бойынша тіркелуіңізді сұраймыз: https://nobel-fest.inpolicy.net/

 

Қазақстан мен Орталық Азиядағы "Болашақты ойлап табу" атты II Central Asia Nobel Fest-тің ең ауқымды ғылыми оқиғасы 2021 жылдың 7-9 сәуір аралығында өтеді. Екінші фестиваль тақырыбы технологиялар мен инновацияларға үш негізгі бағытта шоғырланған: мүмкіндіктер экономикасы, болашақ индустриясы және EdTrends (білім беру трендтері). Нобель фестивалінің ұйымдастырушысы инклюзивті Даму қоры (Inclusive Development Foundation) болып табылады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.